Aigul Imanbaeva Instagram – @a.i_theatre -ның қоржыныңда тағы бір жаңа қойылым.
Федор Достоевскийдің «Кроткая» әңгімесінің желісі бойынша қойылған “Момындардың зынданы”
______________________________________
Қоюшы-режиссер : Ринат Қияқов
Қоюшы-суретші: Алан Саймин
Хореограф:Альфия Агишева
Арнайы Санкт-Петербург қаласынан шақырдық
Дыбыс режиссері: Жұлдыз Телхожаева
______________________________________
Тағыда бір үлкен классикалық шығарма, классикалық шығарманың актерларға берері мол. Шығармашылық тұрғыда өсуіне,актерлік шеберлігін шындауға, өресінің өсуіне,тереңдеуіне ,биіктеуіне үлкен мүмкіндік беретін ол классикалық шығарма және де А.И. Театры жуырда 5-11 маусым аралығында Татарстан еліндегі Қазан қаласында өтетін “Наурыз” фестивальіне былтырғы қойылған “БАҚ” спектаклімен фестивальге өтті.
Құттықтап қойсаңыздар болады.
Ал Достоевскийдің“ Момындардың зынданы” шығармасымен бұйыртса Европаны аралаймыз, Европа еліне байқауларға қатысамыз деген ниеттеміз.
Барша тілекші болып келген көрермен , зиялы қауым, ел ағаларына алғысымыз шексіз!
Премьераның бірінші күнінен естелік. | Posted on 24/May/2023 17:20:08