Madina Saduakasova Instagram – Қытай еліндегі концерттерге Үрімші( 2 концерт ) және Құлжа (1 к) біз өте қатты дайындалдық..
Біріншіден , 7 жылда алғаш рет Қазақстандық әншілерге концерт беруге рұқсат берілді ( үлкен жауапкершілік )
Екіншіден, ол жақтың өте қатал заңдарымен байланысты, өзіміз де , әніміз, сөйлейтін сөзіміз мың тексерістерден өтіп, өзіміз өтсек де , кейбір әндеріміздің орындалуына руқсат ала алмадық🙁
Сосын ғана , тек жанды дауыста орындау , костюмдер , LED- тегі көріністерге дайындадық …
Ал , шекарадан өтіп , біздің қандастарымыздың бізді қуана , құшақ жая қарсы алуы 🥺❤️, қошеметі , өнерге , өнер адамдарына деген ерекше құрметі бізді бірден баурап алды ❤️
Театр залдары лық толы, шығуымызды тағатсыздана күтіп жатқан мыңдаған халық, ду қол шапалақпен , ыстық ықыласпен қарсы алуы , әр әніміздің сөзін біліп , қосылып , құшағымызды, сахнаны гүлге толтырып тастады , неше түрлі сыйлықтар, ойыншық, әтір, үлкен кісілер қолындағы алтын сақиналарын шешіп беріп , қамзол мен орамалдарын жауып , баталарын беріп , көздеріне жас алып , біздерді жібергісі келмей🥺🥺❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️💐💐💐 Қандастарымыздың шексіз махаббатты, сағынышы тебірентті, жүрегімді елжіретті, шын … Көзге еріксіз жас келе берді, залдағы бар адамды құшақтағым келді…. Басқаша сезімдер, сөзбен жеткізе алмайтын…
Осы ән сапарым менің жүрегімде мәңгі сақталатыны сөзсіз… Концертке келген , келе алмай қалған , концертті телефондағы тікелей эфир арқылы көріп , тамашалаған жандарға мың миллион рахмет , осылай бізді қошеметке бөлегендеріңіз үшін бас идім алдарыңызда🙏❤️ Әттең, осы сөздерімді ол кісілер оқи алмайды , өйткені , ол жақта Инстаграм да, Google да, Facebook да жоқ… Қалай жеткізсем екен, шіркін..?! #Қытай2023 #Концерт #Құлжа #Үрімші | Posted on 18/May/2023 18:35:12
Check out the latest gallery of Madina Saduakasova



