Erke Esmahan Instagram – Қазақтың ұлыларын қанша әнге қоссақ та, олар туралы көп жазсақ та, кино-сериал түсірсек те ешқашан артық емес.
Менің репертуарыма даңқты пулеметші, қазақтың батыр қызы Мәншүк туралы ән қосылғанын қуанышпен хабарлаймын.
Осы күні бейбіт елде, тыныш заманда өмір сүруіміз үшін талайлар соғыста қан төкті, өрімдей қыздар өмірлерін қиды. Ерлікке тағзым! Мәншүк апамыздың рухына арнаған туындым жүрегімнің түкпірінен шықты… Жүректерге жетсе екен.
Мен қазақ қыздарына қайраң қалам… | Posted on 08/May/2023 17:13:54



