Aigul Imanbaeva Instagram – Достар, дәл қазір менің Ұлыбритания елінде тағылымдамадан өтіп жатқанымды білесіздер.
Осы уақытқа дейін жекеме де, тікелей де “Болашақ” бағдарламасымен оқуға түсу үшін шақыртуды қалай алдыңыз?” деген сұрақтар жиі келетін. Сол сұраққа жауап берудің сәті келді.
Менің Жадырам @jadyra_jumakulbay өзі де “Болашақ” түлегі ретінде бірнеше жылғы тәжірибесін жинап “VISA2VISIT” деген орталық ашты. Маған шақырту да әперіп, визамды да рәсімдеген – Жадыра. Оқу үшін жастың да, отбасының да еш кедергісі жоқ, керісінше ниет болса, адамның алмайтын қамалы, үйренбейтін жаңа ілімі, тілі жоғына көзім жетті.
Ағылшын тілінің отанына келіп, дүниетанымым кеңейіп, білім көкжиегім ашылып жатыр. Осындай мүмкіндік берген әуелі Аллама, екінші – Жадырама, үшіншіден, “Болашақ” бағдарламасына мың алғыс.
Шетелге виза, арнайы тілдік, мәдени турлар, оқуға шақырту, “Болашақпен” оқуға түсу мәселесі қызықтырса, @visa2visit парақшасына жазылып, қызметтеріне жүгінулеріңізге болады.
“Білімді мыңды жығады”, расымен. | Posted on 11/Oct/2023 19:00:27