Madina Saduakasova

Madina Saduakasova Instagram – Қазіргі таңда әр адамда логотип бар, өзін танытатын таңба.
Ал әлем бойынша жер көлемі жағынан 9 орынды иемденген біздің Қазақстан республикасының таңбасын қаншалықты танимыз?
Мұны неге айтып жатырмын?! Ғаламторды қарап отырып, бір мақаланы көзім шалып қалды. Жастардың көбі елтаңбамызды білмейді екен😱 Бұл не деген сұмдық? Президенті бар, тәуелсіз ел, қаншама елмен экономикалық байланыс жасап, білім негізінде тәжірибе алмасып, тарихымыз тереңде жатқан ҚАЗАҚСТАН елінің, өзің туған Отаныңның ұлттық рәміздерін, елтаңбасын білмеу НАДАНДЫҚ деп ойлаймын.
Балабақша, мектеп, колледж, университетің бәрінде ұлттық рәміздерге жіті мән беріліп, бәріне ақпарат жетуі тиіс.
Біздің елтаңбамыз – біздің белгіміз! 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Ол жерде бейнеленген көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Qazaqstan» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Qazaqstan» деген жазу – алтын түстес.

Ал Сіз елтаңбамыздың нені білдіретінін білер ме едіңіз? Жоғарыда жазылған анықтамалар сіз үшін қаншалықты күрделі? Мүмкін расымен елтаңбамызға өзгерістер енгізіп, қарапайым халықтың ұсынары бар шығар… @zhana.adamdar | Posted on 02/Feb/2024 20:33:18

Madina Saduakasova
Madina Saduakasova

Check out the latest gallery of Madina Saduakasova