Madina Saduakasova

Madina Saduakasova Instagram – Құрметті Қазақ елі! Әлеуметтік желіні ашсақ, бүкіл БАҚ өкілдерімен қатар барша жанның бәрінің жарыса жазып жатқаны – СУ ТАСҚЫНЫ. Бірі ел үшін деп шырылдап көмек жасап жатса, кейбірі кінәліні іздеп, әркімді даттауда. Апат айтып келмейді, мұндай алапат топан су елімізде бұрын-соңды болмаған. Ойламаған жерден Арқалықтан басталған апат, Батысқа да жетті. Көктеміміз қардың күрт еруімен қатар, Жайығымыз да тасуда. Аллаға шүкір! Адам шығыны болмай, құтқарушы қызметкерлер оқиға орнынан тез табылып, тұрғындар уақытылы эвакуацияланды. Қайырымдылық қорлар, жекеменшік кәсіпкерлер, қаншама өнер адамдары, танымал жомарт жандар миллиондап ақша аударып, тонналап гуманитарлық көмектер жасауда. Осындай сәтте күшіміз БІРЛІКТЕ! “Жаңбырдан соң КҮН шығады” дегендей бұл күндер де артта қалып, бәрінің дұрысына қарай шешілеріне сенеміз. Су тасқынынан зардап шеккен әрбір жанға мемлекет шығынын толық өтеп береді, сәл сабыр етсек, бәрі де жақсы болады✊
Аман болайық🙌 | Posted on 08/Apr/2024 22:52:10

Madina Saduakasova
Madina Saduakasova

Check out the latest gallery of Madina Saduakasova