Aigul Imanbaeva Instagram – Мен негізінде адал ДОСТАРДАН жолым болған адаммын!Ешқандай жасандылықсыз, есепсіз, үнсіз бір-біріңді қабағыңнан ,көзқарасыңнан түсінетін ДОС – ол менің өмірдегі бір байлығым! Сондай достарымның қатарында ағылшын елінде менің досым- Гүлшекерім бар. Бір үйде бір жыл бірге тұрдым, бір нанды бөлісіп жедім, ұзақ жолдарда бірге жүрдім- бәрін айта берсем ұзақ болар! Сезгенім оның маған аңқылдаған адалдығы,кіршіксіз тазалығы! Жанының тазалығы, жүрегінің кеңдігі, ниетінің түзулігі, өресінің ашықтығы бәрі- бәрі – бір кішкене ғана қазақтың қызы Гүлшекердің бойынан табылады. Жаратқанның бұл сыйына алғысым шексіз.
Ал мына видео Гүлекемнің мен күйеуге шығардағы жасаған сюрпризі “ҚАЛЫҢДЫҚ ПАТИІ”😍
Гүлекем!! Жаным сол, сізге алғысым шексіз!
Уже архив🥰
@gulsheker_england | Posted on 22/Nov/2024 22:00:54



