Aigul Imanbaeva

Aigul Imanbaeva Instagram – Сүйінші, достар!
Өзім білім алған Ұлыбританияның астанасы – Лондон қаласында, табиғат түлеген шақта, Көрісу мерекесі мен күн мен түннің теңескен шағы, жаңа жылымыз – Наурыз мейрамы қарсаңында жеке шығармашылық концертімді өткізу бақыты бұйырды! Бұл мен үшін үлкен қуаныш!
Концертте ұлттық киім киіп, ата-бабамыздан мирас болған салт-дәстүрлерімізді, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, қазақтың бай мәдениетін көрсетуге тырыстым. Шетелдегі қандастарымыздың ұлттық музыкаға деген сағынышын сөзбен жеткізу мүмкін емес! Олар менімен бірге ән шырқап, елге, туған жерге, ұлттық өнерге деген сағыныштарын басты. Бір-біріміздің үнімізді естіп, жүректерімізді жалаңаштап, мейірім мен махаббатқа толы Көрісу күнін ерекше атап өттік.
Концертке келіп, менімен бірге осы тамаша сәтті бөліскен барша қандастарыма, шетелдік қонақтарға шексіз алғыс айтамын! Сондай-ақ, менің шығармашылығымды қолдап, ақпарат таратқан “24 KZ” арнасына алғысым шексіз!
Бұл концерт мен үшін тек өнер кеші ғана емес, ұлттық рухты жаңғыртып, қазақ мәдениетін әлемге танытуға арналған жарқын сәттердің бірі болды. | Posted on 24/Mar/2025 22:55:26

Aigul Imanbaeva
Aigul Imanbaeva

Check out the latest gallery of Aigul Imanbaeva