Bekbaeva, Maya Tolegenkyzy

Bekbaeva, Maya Tolegenkyzy Instagram – АСТАНАДА ЖОШЫ ХАН ЖАЙЛЫ ДЕРЕКТІ-КӨРКЕМ ФИЛЬМНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Астанада Жошы хан жайлы деректі-көркем фильмнің тұсаукесері өтті. «Жошы хан. Ұлы ұлыстың әміршісі» деп аталатын ерекше форматтағы фильм үш бірдей жанрға негізделген.

Мұнда тарихи дерек, журналистік зерттеу мен көркем сахналар да көрініс табады. Фильмнің премьерасына тарихшылар, кино саласының өкілдері сондай-ақ танымал тұлғалар қатысты.

Туындыны арнамыздың қолдауымен белгілі журналист, продюсер Майя Бекбаева түсірді. Алтын Орданың негізін қалаушы, Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы хан дәуірін сипаттайтын фильмнің сценарийі жарты жылдан астам уақыт жазылған.

Сондай-ақ, түсірілім тобы белгілі түркітанушы Тимур Козыревпен кеңесіп, диалогтарды түркі және моңғол тілдеріне негіздеген. Деректі-көркем фильм 20 наурыздан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіледі.

#jibekjoly | Posted on 18/Mar/2025 13:20:13

Bekbaeva, Maya Tolegenkyzy
Bekbaeva, Maya Tolegenkyzy

Check out the latest gallery of Bekbaeva, Maya Tolegenkyzy