Dinara Satzhan

Dinara Satzhan Instagram – Біз көптеген халықтардың дәстүрлері мен мәдениеттері үйлесімді тоғысқан елде өмір сүріп жатырмыз.
Және бұл – біздің ерекшелігіміз немесе «фишкамыз»!
Қазақстандықтардың эмоционалды интеллектісі жоғары, өйткені біз бала кезімізден қазақша ғана емес, орыс, корей, ұйғыр, татар, өзбек ұлттарының өкілдерін де жақсы түсінеміз.
Бір-бірімізбен бала кезден доспыз.
Бала кезімізден жақсы қарым-қатнастамыз.
Ораза кезінде орыстар бізді ауызашарға шақырады, ал біз олармен Пасхаға жұмыртқа бояймыз.

Біз үшін тілдік әралуандылық пен ұлтаралық үйлесімділікті сақтау маңызды.

Қазақстан заңнамасы ұлттық, этникалық немесе діни белгілері бойынша кемсітуге тыйым салатынын есте сақтаған дұрыс.
ҚР ҚК-нің 174-бабы бар және ұлттық араздықты қоздырғаны үшін заңды түрде жазаланады.
Бұл заң 2015 жылы қабылданды.
Сіз міндетті түрде пост емес, тіпті пікір жазғаныңыз үшін де жауапқа тартыласыз☝️

Жақында Алматыда ресейлік мотоциклшіге пышақпен жасалған шабуылды «қалыпты, адекватты мінез» деп атаған блогер Әділжан Әбдіғали ұсталды.

Осындай қиын-қыстау кезеңде бейбітшілігімізді барынша бағалайық🙌 | Posted on 20/Apr/2025 18:04:06

Dinara Satzhan
Dinara Satzhan

Check out the latest gallery of Dinara Satzhan