Bekbaeva, Maya Tolegenkyzy Instagram – Майямен @mayabekbayeva кездесуден кейін туған ой.
…Бәріңіз білесіздер, қоғамдық жұмыстың көбі көзге көрінбей жатады. Алайда, оның артында орасан зор еңбек, үлкен жүрек, шынайы жанашырлық жатады.
Алда ерекше бір қоғамдық-әлеуметтік жобаны жүзеге асырмақпыз. Тамыз айында Түркістан облысындағы дағдарыс орталығындағы зорлық-зомбылықтың құрбаны болған қыз-келіншектерді Астанаға шақырып, оларға жаңа тыныс, жаңа мүмкіндік сыйлағымыз келеді. Бұл – бір күндік акция емес, үлкен сенім мен қолдауға толы бастама.
Мақсатымыз – ауыл-аймақтағы қиындық көрген әйелдерді елордамен таныстырып, өз өмірлерінің өзге де бағыт алуы мүмкін екенін, армандауға, алға ұмтылуға хақылары бар екенін сезіндіріп, соған сендіргіміз келеді.
Оладрды психологтармен кездестіріп, мамандық таңдауға бағыт алдырып, ел алдындағы замандастарының сыйлықтары мен шынайы жанашыр, қолдау сөздері олардың ішкі сенімін қайта оятуға сеп болады деген ойдамыз.
Осы істі жалғыз емес, өз ісіне адал, қоғамға жаны ашитын белсенді жандармен бірге қолға алып жатырмыз. Солардың бірі – Майя Бекбаева.
Сол Майя бүгін бізбен бірге болып, жобаға барынша қолдау білдірді. Уақытын бөліп, идея ұсынып, өз ресурстарымен көмектесуге әзір екенін айтты.
Осы жоба алдындағы кездесуден соң, Майя – тек отбасының ғана ұйытқысы емес, елдің тағдырына бейжай қарамайтын тұлға деген ойға келдім. Ол жылдар бойы ел тарихын, ұлттық құндылықтарды ұлықтаған жобалары арқылы көрерменнің ықыласына бөленіп жүр. Енді, міне, өмірде қиындық көрген әйелдерге үміт сыйлауға келгенде де қол ұшын созып, бірінші қатарда тұр.
Мұндай істерде үлгі боларлық адамдардың жанынан табылуы – ең үлкен мотивация. Сондықтан да барлық жанашыр, үйретері бар қыз-келіншектерді бірге атсалысуға шақырамын. | Posted on 30/Jul/2025 10:02:59



