Bekbaeva, Maya Tolegenkyzy Instagram – @mayabekbayeva : Ол – бала кезінен арманын нақты білген қыз.
12 жасында-ақ газетке мақала жазып, үлкен сахнаға алғашқы қадамын басты. Мектепті алтын медальмен, университетті қызыл дипломмен тәмамдады.
Қазақстанның басты телеарналарында жүздеген эфир жүргізіп, ел тарихын, мәдениетін танытқан ондаған деректі фильм түсірді. Соның ішінде жүректерге жеткені – «Жошы хан» 🐎👑.
Kazakh TV арнасының бас директоры, Қазақстан Халқы Ассамблеясының вице-төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері, «Жақсылық Елшісі».
Туған жерінің мақтанышы – Семейдің «Құрметті азаматы».
Ол – қазақ журналистикасында әйел көшбасшы ретінде жаңа буынға жол ашып жүрген тұлға.
Бұл – Майя Бекбаева 🌟
Ел тарихын әлемге танытқан, сөз бен істің шынайы шебері.
@mayabekbayeva
@mayabekbayeva
@mayabekbayeva | Posted on 10/Aug/2025 00:20:55



