Aigul Imanbaeva

Aigul Imanbaeva Instagram – 70% Халық Елтаңбаны білмейді.
Кім кінәлі?

Астана мен Алматы қалаларында “Жаңа Адамдар”жастар қозғалысы сауалнама жүргізген. Нәтижесі: 30% Халық қана Елтаңбаның не екенін білетіндіктерін айтқан .Бұл мені расымен ойландырды.

Мен – ҚАЗҰӨУ және A.I ACADEMY білім ордаларында шәкірт тәрбиелеп отырған ҰСТАЗБЫН. Ал, Ана,Ұстаз,Өнер иесі ретінде бұл мәселеге бей-жәй қарай алмадым.

Елтаңба-Мемлекеттің басты рәміздерінің бірі.Елдің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символ. Ұлы дала көшпенділері айрықша қасиет тұтқан өмір мен мәңгіліктің бейнесі. Елтаңбада қолданылған негізгі түс -сары алтын. Бұл-байлықтың, әділдіктің, кеңпейілділіктің символы.
Мұндай үлкен құндылықты қастерлемеуіміздің немесе бейжай қарауымыздың қандай себебі болуы мүмкін?

Бәлкім біздің Елімізге,жерімізге деген патриоттық сезіміміздің жоқғалуы ма? Әлде отбасындағы тәрбие мен оқу орындарында жіберілген қателіктер ме? Елтаңбамыздағы бейнелер көпшілікке түсініксіз бе?
Ойда мың сұрақ…
Ал қазіргі жастар өте креативті. Меніңше жастардың да ұсынысы бар болар? Дәл осы сұрақтарды жастардың өзіне қойып,қоғамдық талқыға салу керек шығар… | Posted on 04/Feb/2024 19:35:55

Aigul Imanbaeva
Aigul Imanbaeva

Check out the latest gallery of Aigul Imanbaeva