Сәлем Достар❤ Жуырда жағымды жаңалық🤩 Не деп ойлайсыздар… 😜☺️ #АйгүлИманбаева #АйгульИманбаева #АИ #фотосет
Бір дауыл сәттің соғарын сезіп жүргенмен, Сен екеніңді, сен екеніңді білмеп ем… Әйтеуір, жаным, «бұл күнде менсіз жүре алмайсың ғой» демесең, Мен саған ғашық… Мен саған ғашық… Мен саған ғашық емес ем! (Ф. Оңғарсынова❤) Әні:Б.Омаров #АйгүлИманбаева #АйгульИманбаева #АИ
Таңғы елес, таңғы елес Бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес Таңғы елес, таңғы елес Бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес… #Таңғы_елес❤ #АйгүлИманбаева #АйгульИманбаева #АИ
Жүректің көзі ашылса, Хақтықтың түсер сәулесі. Іштегі кірді қашырса, адамның хикмет кеудесі. А.Құнанбаев📚 Жүрегімнің көзі ашылды❤️… Себебі “ӨМІР СҰЛУ”
Сәлем Достар ❤ Алдыңғы посттағы жаңалығымды ешкім таппады😜 Қандай жаңалық деп ойлайсыз… 🤩 Кеттік…? #АйгүлИманбаева #АйгульИманбаева #АИ #фотосет
Жастар армандайды. Кәрі адамдар еске алады! Сіз қай категорияға жатасыз? Ал кеттік… 😜
Құтты жыл болсын достар!!🎄🎄🎄🤶🎅🇰🇿🇺🇸🇬🇧
Мен сіздерді жақсы көрем❤ #АйгүлИманбаева #АИ #жақсыкөрем
Кеш жарық достар!!! Ескі жылда аяқталып келеді🎄🤶есеп берсем қайғыны да қуанышты да бастан өткеріппіз.Көптеген өзгерісте болып жатыр.Ең бастысы ел аман жұрт тыныш🙏🇰🇿.Жаңа жыл жаңалығы мен жақсылығын елімізге, әр отбасына алакелсін🙏❤️
Кеш жарық достар! Көзді ашып-жұмғанша жаңа жылда басталып кетті.Әр атқан таңдарыңыз бақытқа толы болсын.Алға қойған армандарыңыз орындалсын😇. Елдегі жаңалықпен бөлісе отырыңыздар🌏🇰🇿🇺🇸🇬🇧
Сәлем достар!Жаңа жыл жақсылығын алып келсін.Демалыс күндері жұмыспен Лос Анджелес қаласына келіп, жұлдызды аллеяға да жолым түсті😍🇺🇸.
Достар! Тікелей эфирге шығып “Өсек” айтып, бір -біріміздің кем-кетігімізді түгендеп, елді-жерді жамандаудан алдымызға жан салмай жарысып емес, білгенімізбен бөлісіп, ойға ой қосып, санамызды серпілтіп, сіздермен шүйіркелесіп алғымыз келеді үнемі. Ал, мені әнші, актриса,өнер адамы ретінде білесіздер. Қазірде мен студентпін. Білгенімнен білмегенім бір төбе екенін ұғып, білімнің құдығын қазып кеттім☺️ Осы жолда үнемі өзінің білгенімен бөлісіп отыратын, ал білім саласы болсын, психология,журналистика саласы болсын білімі мен тәжірибесі жетіп артылатын Гүлекеңді @gulsheker_england сіздермен таныстырудан жалықпаймын☺️ Тағы бір ақпаратқа толы эфирімізді қабыл алыңыздар🤲🫶
Жаңа жылдағы бар тілектеріңіз орындалсын!Еліміз аман болсын🇰🇿🇰🇿🇰🇿🎄 🇺🇸🤶🎄
🌊🌊🌊Тынық мұхиты және МЕН❤️ 🇺🇸🧘🧘♀️🌏☀️
Нью Йорк🇺🇸😍🎄🎅 Жаңа жылдық көңіл-күй😻
70% Халық Елтаңбаны білмейді. Кім кінәлі? Астана мен Алматы қалаларында “Жаңа Адамдар”жастар қозғалысы сауалнама жүргізген. Нәтижесі: 30% Халық қана Елтаңбаның не екенін білетіндіктерін айтқан .Бұл мені расымен ойландырды. Мен – ҚАЗҰӨУ және A.I ACADEMY білім ордаларында шәкірт тәрбиелеп отырған ҰСТАЗБЫН. Ал, Ана,Ұстаз,Өнер иесі ретінде бұл мәселеге бей-жәй қарай алмадым. Елтаңба-Мемлекеттің басты рәміздерінің бірі.Елдің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символ. Ұлы дала көшпенділері айрықша қасиет тұтқан өмір мен мәңгіліктің бейнесі. Елтаңбада қолданылған негізгі түс -сары алтын. Бұл-байлықтың, әділдіктің, кеңпейілділіктің символы. Мұндай үлкен құндылықты қастерлемеуіміздің немесе бейжай қарауымыздың қандай себебі болуы мүмкін? Бәлкім біздің Елімізге,жерімізге деген патриоттық сезіміміздің жоқғалуы ма? Әлде отбасындағы тәрбие мен оқу орындарында жіберілген қателіктер ме? Елтаңбамыздағы бейнелер көпшілікке түсініксіз бе? Ойда мың сұрақ… Ал қазіргі жастар өте креативті. Меніңше жастардың да ұсынысы бар болар? Дәл осы сұрақтарды жастардың өзіне қойып,қоғамдық талқыға салу керек шығар…
Достар! Осындай әдемі таза ауада сіздермен тікелей эфирге шығу себебім де өткендегі @gulsheker_england Гүлшекер Хуанбаймен болған эфирімізден соң өте көп сұрақтар келіп жатыр. Гүлшекер де өзінің білгенін сіздермен бөлісуге әрқашан дайын. Оқу,білім,шетел жайлы барлық сұрақтарыңызды қойып, жауап ала аласыздар🇰🇿🇬🇧
💃🎄🤶😻
Подарок на Новый год для прекрасной Айгуль Иманбаевой @aigul_imanbayeva мы подарили еще в ноябре, пока она была в Казахстане 🩷 Спасибо Вам за доверие, ценим Вас!
Бүгін Астана қаласында,«Бейбітшілік және Келісім» сарайында жаңа жылдық «Аяз атаның құпиясы» атты қойылымда @a.i_children_theatre және @a.i_academy шәкірттері өнер көрсетті🎄 Шытырманға толы қызықты оқиға ертеңде болады: ⏰14:00 ⏰17:00 сіздерді асыға күтетін боламыз, қапы қалмаңыз❤ #АИ_өнер_академиясы #АИ_балалар_театры
Сәлем достар! Менің звездочкамның әні шықты 👏🏻 @zhuldyz_telkhozhayeva құтты болсын жаным❤️ Шабытың сарқылмасын😘 Жұлдыз Телхожаеваның орындауындағы “Кеттік Дубайға” әнін @agugaimusic сайтынан және барлық сандық платформалардан тыңдап, жүктей аласыздар✊🏻✊🏻
Қарап отырсам өзі, мына 70 пен 80-ші жылдары туған жандар балалықтары мен жастық шақтарын АТА- АНАЛАРЫНА, одан кейінгі қалған азғана ғұмырын – БАЛАЛАРЫНА арнаған біртүрлі ұрпақ екенбіз🤭 Оның себебі де біздің балалық шағымыз ата-ананы қуанту, жақсы оқу, жақсы бала болу, шаршап келген әке-шешеміздің қабағына қарау деееп тымпыңдап-томпаңдап жүріп ержете бастап едік ДҮНИЕ астаң-кестеңі шығып, СОВЕТ үкіметі құлап,экономикалық дағдарыс басталды. Осы сәттен бастап тағы да желпінген жастығымызды АТА-АНАҒА көмектесуге арнап,көбіміз кәмелет жасқа толар толмас жұмыс істеп кеттік. Кейін заман түзелді, ел дамыды. Бізде бір -бір семия құрдық деген сияқты. Сосын енді өзіміз көрмеген балалықты, өзіміз дәмін дұрыс тата алмаған жастықты БАЛАЛАРЫМЫЗҒА үйіп-төгіп беру сезімінде қалдық… Осы жерде тағы бір шындық бар. Тереңге көз жүгіртсек, сол кездегі достар бір-бірімізді демеп, сүйрей жүріп,бөлісе жүріп, бір біріміздің иығымызға шыға жүріп белгілі бір жерге келіппіз… Сүйрей жүріп сүюді, Жылай жүріп күлуді үйреніппіз бір-бірімізден. Қазір айналама қарасам тереңдікке бой алған, жанымды қара демей, бай демей бір көзімнің жанарынан ұғатын ғажап жандарды көремін. Көремін де ШҮКІР деймін. ЖОҒАЛТА ЖҮРІП ТАПҚАН, ҚАШЫҚТАЙ ЖҮРІП ЖАҚЫНДАҒАН, ЕШКІМГЕ СӨЗБЕН ЖЕТКІЗЕ АЛМАЙТЫН, ІШІМДЕГІ СЫРЫМДЫ АЙТПАЙ ТҮСІНІП,ЖАНАРЫМДАҒЫ ЖАСЫМДЫ ТАМБАСТАН СҮРТЕТІН ЖАНДАРДЫ КӨРГЕНДЕ ӨЗІМДІ РАСЫМЕН БАҚЫТТЫ СЕЗІНЕДІ ЕКЕНМІН. #гүлекеңненкешкіой