Aigul Imanbaeva

Aigul Imanbaeva Instagram – Қарап отырсам өзі, мына 70 пен 80-ші жылдары туған жандар балалықтары мен жастық шақтарын АТА- АНАЛАРЫНА, одан кейінгі қалған азғана ғұмырын – БАЛАЛАРЫНА арнаған біртүрлі ұрпақ екенбіз🤭
Оның себебі де біздің балалық шағымыз ата-ананы қуанту, жақсы оқу, жақсы бала болу, шаршап келген әке-шешеміздің қабағына қарау деееп тымпыңдап-томпаңдап жүріп ержете бастап едік ДҮНИЕ астаң-кестеңі шығып, СОВЕТ үкіметі құлап,экономикалық дағдарыс басталды.
Осы сәттен бастап тағы да желпінген жастығымызды АТА-АНАҒА көмектесуге арнап,көбіміз кәмелет жасқа толар толмас жұмыс істеп кеттік.

Кейін заман түзелді, ел дамыды. Бізде бір -бір семия құрдық деген сияқты. Сосын енді өзіміз көрмеген балалықты, өзіміз дәмін дұрыс тата алмаған жастықты БАЛАЛАРЫМЫЗҒА үйіп-төгіп беру сезімінде қалдық…

Осы жерде тағы бір шындық бар. Тереңге көз жүгіртсек, сол кездегі достар бір-бірімізді демеп, сүйрей жүріп,бөлісе жүріп, бір біріміздің иығымызға шыға жүріп белгілі бір жерге келіппіз…
Сүйрей жүріп сүюді, Жылай жүріп күлуді үйреніппіз бір-бірімізден.
Қазір айналама қарасам тереңдікке бой алған, жанымды қара демей, бай демей бір көзімнің жанарынан ұғатын ғажап жандарды көремін. Көремін де ШҮКІР деймін. ЖОҒАЛТА ЖҮРІП ТАПҚАН, ҚАШЫҚТАЙ ЖҮРІП ЖАҚЫНДАҒАН, ЕШКІМГЕ СӨЗБЕН ЖЕТКІЗЕ АЛМАЙТЫН, ІШІМДЕГІ СЫРЫМДЫ АЙТПАЙ ТҮСІНІП,ЖАНАРЫМДАҒЫ ЖАСЫМДЫ ТАМБАСТАН СҮРТЕТІН ЖАНДАРДЫ КӨРГЕНДЕ ӨЗІМДІ РАСЫМЕН БАҚЫТТЫ СЕЗІНЕДІ ЕКЕНМІН.
#гүлекеңненкешкіой | Posted on 30/Jan/2024 01:03:36

Aigul Imanbaeva
Aigul Imanbaeva

Check out the latest gallery of Aigul Imanbaeva