Кеш жарық, қадірлі менің оқырмандарым! Былтырғы 2024 жылдың 23 ақпаны күні жолдасым Ерлан екеуміздің заңды некеге отырып,шаңырақ көтерген күніміз болатын.Биыл 1 жыл толып отыр. Құттықтап қоюларыңызға болады. Әрбір адам баласының тағдыры- бір Жаратушының қолында. « Әйел қырық шырақты «-деген осы шығар. Әрбір Әйел бақытты болуға лайықты!!
Әлемнің сұлулары татымайды, анамның күліп тұрған бейнесіне.
Кейде бақыт – қарапайым сәттерде жасырынған. Қазір осы сәтте не үшін алғыс айтқың келеді? #Шабыт #ӨмірСәттері #Бақыт фото: @gulyazwolak
Кейде бақыт – қарапайым сәттерде жасырынған. Қазір осы сәтте не үшін алғыс айтқың келеді? #Шабыт #ӨмірСәттері #Бақыт фото: @gulyazwolak
Кейде бақыт – қарапайым сәттерде жасырынған. Қазір осы сәтте не үшін алғыс айтқың келеді? #Шабыт #ӨмірСәттері #Бақыт фото: @gulyazwolak
Салем баршаңызға🥰Мына видео қазір трентте екен.Актерлық шеберлігіңді көрсеткенге жақсы екен😍😅 Енді сіздер жалғастырыңыздар: Казахи не говорят…
Барша Қазақ халқына қайғырып көңіл айтамын. Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург Дулат Исабеков дүниеден озды. Осыдан 10 күн бұрын Дулат ағама телефон шалған едім. Телефон трубкасын көтермеген соң,қызы Шолпанға хабарласқанда ағамның ауруханаға түсіп қалғанын естідім. Ағама кіріп,жағдайын біліп, бетінен бір сүйіп кетемін бе ойым еді, оған палатасына кіруге рұқсат бермеді. Дулат ағам артына өшпес мұра қалдырды,өшірілмес із қалдырды. Дәл осы уақытта елден алыста болып, ағамды соңғы сапарына да шығарып сала алмай, өзегім өртеніп отырған жайым бар. Дулат ағам менің басымда болған қиыншылығымда да,қызықшылығымда да барлық уақытта маған сүйеу, демеу болды. Үлгі тұтар, ақыл айтар әкемдей болды. Бақұл бол,жан ағам!
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын… Киелі Мекке, Қасиетті Қағбаға сапар! @qyzmet_sayahat Хакім Абай айтқан: «Жүректің көзі ашылса, Хақтықтың түсер сәулесі. Іштегі кірді қашырса, Адамның хикмет кеудесі» деген сөзінің мазмұны қаншалықты терең, мағынасы қаншалықты кең екеніне көзің жетіп, көңілің сеніп, рухың тынышталады. Алланың хикметін сезіну үшін жан дүниемнің рухани өсу жолында іздендім, оқыдым, тоқыдым, түйсіндім. Аллаға мінәжат айтудың соншалықты тәтті екенін сезінудің өзі қандай бақыт?! Қажылықтың ережесіне сәйкес Қағбаны бірінші рет айналғанда-ақ осыншама нығметті көруді нәсіп еткен Аллаға сансыз шүкір айтып, ебіл-дебіл жыламаған адам кемде кем шығар… Құдды бір жасың жанарыңнан емес, жүрегіңнен егіліп жатқандай болады. Жылдар бойы күйбең тірлікте киген пенделіктің қамыты қалай сыпырылып қалғанын білмейсің… Бұл менің Умра қажылығына келген екінші сапарым. Осыдан екі жыл бұрын анамды алып келген едім, бұл тек парызымның орындау емес,анамның алдында перзенттік борышымды өтеу еді. Себебі, анамның ақ батасын алу – ол менің өмірдегі ең үлкен жетістігім!! Бұл сапар мен үшін жан дүнием жеңілдеп,пенделігім жеңілген Ұлы сапар болды. Аллаға сансыз шүкір! Пайғамбарымыздың сүннетіне сай амалдар жасаумен ерекшеленетін бірден-бір компания ол @qyzmet_sayahat . @qyzmet_sayahat компаниясына алғысым шексіз! Әрқайсысыңызға осы бақыт бұйырса екен деп тілеймін!
Америка президенті Дональд Трамппен кездесуден кейін Нұрлан имам Лос-Анджелес қаласына келді. Әдемі кездесудің сәті түсті.
Баршаңызға кеш жарық! 20 жылдық тарихы бар “ӘН МЕН ӘНШІ” студенттік шақтан бірге келе жатқан Достарымыздың басын қосатын әдемі концерт! Сондай кештерде осылай еркелеп видео түсіріп қоямыз🥰 #әнменәнші көйлегім @arunaz_atelier @nazym_arunaz
Давайте пообщаемся! ✨ Дорогие подписчики, мне всегда интересно Ваше мнение и Ваши историй. Давайте сегодня поболтаем! О чем бы Вам хотелось поговорить? Может, у Вас есть вопросы ко мне или темы, которые Вам близки? Делитесь в комментариях — обсудим вместе! ❤️ #айгулиманбаева #общение #давайтепоговорим
Жаңа жылдарыңызбен Қазақ елі! Келіп жеткен 2025 жыл елімізге құтты жыл болсын! Әр отбасыда бірлік,береке, қуаныш болсын! Бар арман,тілектеріңіз орындалсын!
ЖАЛМАУЫЗ КЕМПІРДІҢ БЕТІ АШЫЛДЫ! Сәлем ,«Маска KAZAKHSTAN» – мен үшін ұмытылмас тәжірибе болды.Жалмауыз кемпірдің маскасын өнерде жүрген жандардың кез келгені киюге келісе бермейді. Бұндай масканы сахнаға тек толыққанды әртіс кисе керек. Мен өзімді сондай өнерпазбын деп есептеймін. Айтпақшы дәл осы күнгі түсірілімге мен аяғымды қатты ұрып алып,ол ісіп кетіп жүре алмай сьемкаға әрең келген едім Барша жанкүйерлерге алғысым шексіз !Жалмауыз кемпірдің кім екенін бірден таныдыңыз ба? Пікірге жазыңыз! Пікірлеріңіз мен үшін маңызды!!
Алаяқтықпен өзімнің туған әпкемді стоматологияға алдап апардым…👀 Ал, неге дейсіз ғой?! Мен Лаурамен кезекті әңгімеден кейін оның тіс ауруына шағымданғанын естідім. Әпкеме ерекше көзқараспен қарап, оның стоматологтан бала кезден бері қорқатынын ескеріп әрекет жасайтын, жан-жақты бірегей, заманауи тіс емханаларын іздестіре бастадым. Таныстардың кеңесімен”Liberty Stom” стоматологиясына бардық ✅ Күштеп орындыққа отырғызып, бар күшіммен және барлық дәлел-уәжімді келтіріп, дәрігерге сенуге көндірдім. Нәтижесінде диагностика жасалып, мәселе анықталды, тіпті тіс имплант да орнатылды. Жылдам, сапалы әрі ұқыпты – “Liberty Stom” туралы дәл осылай айтуға болады! Алдағы уақытта нәтижесімен бөлісеміз, себебі, мені Лаурамен бірге голливудтық күлкіге апарар жол күтіп тұр 😉
Анаммен бірге түнгі Ыстамбұлдың сиқырлы сәттерін тамашалап жүрміз.
Сәлем инста достар! Жылдың аяқталуына санаулы күндер ғана қалды.Әдеттегідей жылды қорытындылайтын уақыт.Жасалған нәрсе көп,жасамағаным одан да көп.Бәріне алғысым шексіз Жаратқанға🙏! Мен кіммін? қайда барам?менің ең соңғы аялдамам қандай деген сұрақтарды өзіме жиі қоямын.Не алдым? не беремін? Әрине бұл жолда тек бір Жаратушымнан қуат,денсаулық сұрап,тек даму жолында болу керектігін түсінесің. Ал сіздер жылдық қорытындыны қалай жасайсыздар?!🎄🥰
Сонау 1994 жылдан,студенттік кезден бірге келе жатқан қатар – жақын достарым, жекжаттарым. Жылдағы сағынысып көрісетін «Соғым party»
Кеш жарық! Жаңа жылдың алдындағы көңіл-күйлеріңіз қалай?! Қызық ,біздің Елде 31 желтоқсан түңгі 00.00-ні жаңа жылды кәдігімгідей 5 мин қалды 10 мин қалды деп,күтіп алмасаң келесі жыл келмей қоятын сияқты Кеңес Өкіметіндегі үрдіспен күтіп алады. Ал мына Англия елінде Қараша айынан Желтоқсанның 25 не дейін “Christmas”деп сұмдық дайындалады,тойлайды содан 26 желтоқсан күні көшеде туристерден басқа адам жоқ,барлық жер жабық,тіпті метро да бір-екі күн жүрмейді😃осындай қызықтар бар🎄🇬🇧 Сіздер қалай ойлайсыздар? Қайссы қызық?
Өткен шаққа бір сәтке оралуға мүмкіндік болса, қайда барғыңыз келеді?
Сәлем достар! Қазақта білесіздер әр 12 жыл сайын мүшел жас есептейді. Бұл біздің халықтың даналығы шығар.Адам әр 12 жыл сайын келесі бір деңгейге өтіп отырады. Оның руханиятында,миында, жүрегінде де үлкен өзгеріс, екінші бір деңгейге өту процесі болады. Ең маңыздысы- бір мүшелден екінші мүшелге күйзеліске түспей,сауатты түрде өту. Ең алғашқы мүшел 13 жас – балалық жас болса,25 жаста нағыз энергиясы толы темір үзер – жастық шақ болып есептеледі. Ал 37 жас ақылың толып оң-солыңды толықтай танитын жас, 49 жас ол орта жас болып есептеледі, әрі қарай 61,74,85,97,109 жас болып есептеліп кете береді, 120 жасқа келгенде адам қайта балаға айналады екен. Менің әр мүшелімде көп өзгерістер болған екен. 13 жас балалық шағым болса,25 жасымда өнерде Айгүл Иманбаева деген атым шығып,театр,кино,эстрада,телевидение әлемінде дүркіреп жатқан шағым екен. 34 жасымда мен @a.i_theatre ашыппын,37 мүшелімде Астана қаласында кезекті өзімнің жеке есеп беру концертімді жасаған екенмін. 43 жасымда @a.i_academy аштым, 44 жасымда @a.i_children_theatre аштым. 46 жасымда Лондонға “Болашақ” бағдарламасымен оқуға кеттім. Тұрмысқа шықтым. Алда көзді ашып-жұмғанша, 2-3 жылда 49 жас келесі мүшелге өтемін. Сол мүшелге дейін не жасадым, ол мүшелде мен қандай деңгейге өтемін,оны әрине ойланып және келесі мүшелге еш қиындықсыз кемелденген орта жасқа келген, өзімнің тек өнерде ғана емес,бизнес саласында университетте оқығандықтан, бизнестен де бағытын тапқан Айгүл Иманбаева болуым керек. Сол үшін де мен @shecommunity.kz іскер қыз-келіншектердің қауымдастығына қосылдым,әсіресе бизнесте бұл қыздардан үйренерім көп. Бұл қауымдастықтағы қыздар бизнестің әр түрлі саласында өздерін мойындатқан,өз жолын салған және де сол бизнесі арқылы қоғамға,халыққа қызмет етіп жатқан іскер қыздар қауымдастығы. Бүгінгі күннен өте көп ақпарат алдым. Менің түсінгенім,өзің өзгерсең сенің ортаң да өзгереді. @shecommunity.kz бизнестегі әйелдердің өсіп-өркендеуі үшін қолайлы жағдай жасай отырып, бүкіл Қазақстан бойынша табысты әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға,жәрдемдесуге тырысады.
Біздің қазақ халқының ділінде қанына сіңіп, қалыптасып кеткен көптеген негативті дүниелер бар. Соның бірнешеуін атасам: кісіні жөнсіз сынап-мінеу, көреалмаушылық, кемшілігін теріп, жақсы қасиеттерін жоққа шығару, жалпы айналасындағы адамдардан тек жаман жағын ғана байқау. Осы жағымсыз қасиеттерінен біржола бас тартып, әркім өзін ғана көріп, өзіне күле білуді үйрену қажет деп санаймын. Мен үшін тек өзімнің ғана емес, жағалауымдагы жұрттың да үлкен өзгеріске бет бұрып, жарқын болашаққа бет алғаны маңызды.
Жас командамен,жас буынмен жұмыс жасап,үнемі даму үстінде болсаң өзің де,энергия да еш уақытта қартаймайды. Биологиялық жасың ұлғайғанымен, энергетикалық тұрғыдан адам ешқашан қартаймайтынына толық көзім жетеді. Шәкірттеріммен қазіргі трендттен үзінді тамашалаңыздар! #trend #apt #тренд
Көрермен көзайымына айналған Жалмауыз кемпірдің маскасында жасырынған танымал әнші Айгүл Иманбаева «Маска Kazakhstan» шоуы туралы🤩👆 Сіз таба алдыңыз ба? Пікірге жазыңыз😉 #маскашоу #жетіншіарна
Бүгінде 14 жылдық тарихы бар @a.i_theatre @a.i_children_theatre театрының актёрлары және ашылғанына 5 жыл болған @a.i_academy академиясының шәкірттері-кішкентай актёрлары қазіргі таңда үлкен кәсіби сахналарда өнерлерін көрсетуде. Соның айғағы ретінде міне 3 жыл қатарынан актёрларымыз Жаңа жылдық қойылымдармен Елорда бүлдіршіндерін және ата-аналарын өздерінің өнерлерімен қуантуда. Бүгінгі көрініс- КАЗМЕДИА орталығында өткізіліп жатқан “ӘДЕМІ ЕРТЕГІ” мерекелік қойылымы.