Aigul Imanbaeva

Aigul Imanbaeva Instagram – Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын…

Киелі Мекке, Қасиетті Қағбаға сапар!
@qyzmet_sayahat
Хакім Абай айтқан:
«Жүректің көзі ашылса,
Хақтықтың түсер сәулесі.
Іштегі кірді қашырса,
Адамның хикмет кеудесі» деген сөзінің мазмұны қаншалықты терең, мағынасы қаншалықты кең екеніне көзің жетіп, көңілің сеніп, рухың тынышталады.
Алланың хикметін сезіну үшін жан дүниемнің рухани өсу жолында іздендім, оқыдым, тоқыдым, түйсіндім.
Аллаға мінәжат айтудың соншалықты тәтті екенін сезінудің өзі қандай бақыт?!
Қажылықтың ережесіне сәйкес Қағбаны бірінші рет айналғанда-ақ осыншама нығметті көруді нәсіп еткен Аллаға сансыз шүкір айтып, ебіл-дебіл жыламаған адам кемде кем шығар…
Құдды бір жасың жанарыңнан емес, жүрегіңнен егіліп жатқандай болады. Жылдар бойы күйбең тірлікте киген пенделіктің қамыты қалай сыпырылып қалғанын білмейсің…
Бұл менің Умра қажылығына келген екінші сапарым. Осыдан екі жыл бұрын анамды алып келген едім, бұл тек парызымның орындау емес,анамның алдында перзенттік борышымды өтеу еді. Себебі, анамның ақ батасын алу – ол менің өмірдегі ең үлкен жетістігім!!
Бұл сапар мен үшін жан дүнием жеңілдеп,пенделігім жеңілген Ұлы сапар болды. Аллаға сансыз шүкір!
Пайғамбарымыздың сүннетіне сай амалдар жасаумен ерекшеленетін бірден-бір компания ол @qyzmet_sayahat .

@qyzmet_sayahat компаниясына алғысым шексіз! Әрқайсысыңызға осы бақыт бұйырса екен деп тілеймін! | Posted on 20/Jan/2025 22:55:31

Aigul Imanbaeva
Aigul Imanbaeva

Check out the latest gallery of Aigul Imanbaeva