Aigul Imanbaeva Instagram – Сәлем достар!
Қазақта білесіздер әр 12 жыл сайын мүшел жас есептейді. Бұл біздің халықтың даналығы шығар.Адам әр 12 жыл сайын келесі бір деңгейге өтіп отырады. Оның руханиятында,миында, жүрегінде де үлкен өзгеріс, екінші бір деңгейге өту процесі болады. Ең маңыздысы- бір мүшелден екінші мүшелге күйзеліске түспей,сауатты түрде өту. Ең алғашқы мүшел 13 жас – балалық жас болса,25 жаста нағыз энергиясы толы темір үзер – жастық шақ болып есептеледі. Ал 37 жас ақылың толып оң-солыңды толықтай танитын жас, 49 жас ол орта жас болып есептеледі, әрі қарай 61,74,85,97,109 жас болып есептеліп кете береді, 120 жасқа келгенде адам қайта балаға айналады екен.
Менің әр мүшелімде көп өзгерістер болған екен. 13 жас балалық шағым болса,25 жасымда өнерде Айгүл Иманбаева деген атым шығып,театр,кино,эстрада,телевидение әлемінде дүркіреп жатқан шағым екен. 34 жасымда мен @a.i_theatre ашыппын,37 мүшелімде Астана қаласында кезекті өзімнің жеке есеп беру концертімді жасаған екенмін. 43 жасымда @a.i_academy аштым, 44 жасымда @a.i_children_theatre аштым. 46 жасымда Лондонға “Болашақ” бағдарламасымен оқуға кеттім. Тұрмысқа шықтым. Алда көзді ашып-жұмғанша, 2-3 жылда 49 жас келесі мүшелге өтемін. Сол мүшелге дейін не жасадым, ол мүшелде мен қандай деңгейге өтемін,оны әрине ойланып және келесі мүшелге еш қиындықсыз кемелденген орта жасқа келген, өзімнің тек өнерде ғана емес,бизнес саласында университетте оқығандықтан, бизнестен де бағытын тапқан Айгүл Иманбаева болуым керек.
Сол үшін де мен @shecommunity.kz іскер қыз-келіншектердің қауымдастығына қосылдым,әсіресе бизнесте бұл қыздардан үйренерім көп. Бұл қауымдастықтағы қыздар бизнестің әр түрлі саласында өздерін мойындатқан,өз жолын салған және де сол бизнесі арқылы қоғамға,халыққа қызмет етіп жатқан іскер қыздар қауымдастығы. Бүгінгі күннен өте көп ақпарат алдым.
Менің түсінгенім,өзің өзгерсең сенің ортаң да өзгереді.
@shecommunity.kz бизнестегі әйелдердің өсіп-өркендеуі үшін қолайлы жағдай жасай отырып, бүкіл Қазақстан бойынша табысты әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға,жәрдемдесуге тырысады. | Posted on 26/Jan/2025 19:38:51



